ТШО 3,5 трлн теңге: ең көп салық төлейтін 30 компанияның тізімі
Қазақстанның бюджетін
толықтыруда мұнай-газ секторы әлі де көшбасында. Дегенмен, Мемлекеттік кірістер
комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы салықтық түсімдердің жаңа деректерін
толықтыруда экономикалық ойыншылардың алдына қаржы институттары мен тау-кен
металлургия сегменті шығып келе жатқаны байқалған. Сонымен, Қазақстан бюджетіне
ең көп салық төлейтін алдынғы шептегі 30 компанияның басында әдеттегідей
«ТеңізШевройл» тұр. Компанияның салық есебінде бюджетке құйған қаражаты 3,5
трлн теңге. Екінші орында «Қарашығанак Петролеум Оперейтинг Б.В.» – төлеген
салығы 937,8 млрд теңге. Топ үштікті «Қазақстан Халық Банкі» түйіндейді.
Мемлекетке берген салығы 320,3 млрд теңге.

