Су тасқыны қаупі жоғары аудандар анықталды
Павлодар
өңірінде су тасқыны қаупі жоғары аумақтар анықталды. Олар – Ақтоғай және Ертіс
аудандары. Енді алдын алу шараларына байланысты көршілес облыстардан қосымша
техникалар тартылады. Құтқарушылар Шолақсор ауылын ерекше бақылауда ұстап
отырмыз дейді. Өйткені бұл елді мекен су тасқыны қаупі жоғары аймаққа кіреді.
Қазіргі күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл айналасына ұзындығы 8
шақырымнан асатын, биіктігі 2 метрге дейін жететін қорғаныс бөгеті тұрғызылған.
Сонымен қатар, ауылдың кіреберісіне су өткізетін бес бірдей құбыр орнатылды.

