SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Ақордада Мемлекет
басшысы SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.
Олардың нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлемге паш еткенін,
Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті. Жеңімпаздар қатарында
Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің сарбаздары бар. Халықаралық жарыстан жеңіспен оралған бір топ
офицерлер мен әскери қызметкерлерге жоғары дәрежелі наградалар табысталды.

