Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды
Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды. Көшпенділердің ұлттық ойыны
болып келген бұл сайыс түріне енді ресми түрде спорттық мәртебе берілді. Әлемде
«tug of war» атымен танымал бұл спорт түрі қазақ даласында бағзы кезеңнен
жігіттердің күші мен ептілігін сынау үшін ұйымдастырылып келген. Кеңге тараған көне
жарыс – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі тартыстарының бірі. Биылғы
дүбірлі дода Қазақстанның астанасында өтетінін айта кеткен жөн. Сарапқа
салынатын 53 медаль жиынтығының 4-і дәл
осы арқан тартысқа тиесілі болмақ. Жаңадан құрылған федерацияның мақсаты – Ұлттық
құраманы жасақтау.
Бақдәулет Сәбитов, ҚР арқан тартыс федерациясының
вице-президенті:
Бірінші дайындығымыз біздің – ол іріктеу. Себебі, жаңа
спорт түрі болып тұр. Енді біздің тарихымызды қарасаңыздар, Наурызда да, арқан
тартыс ойын ретінде келді. Ал, бұл әлемде кәсіби спорт ретінде дамып
кеткендіктен, бағытты сол жаққа қарай бұрдық. Біз сәуір айынан бастап қыркүйек
айына дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізіп немесе шетелде жарыстар болса қатысып
сол жерде шеберлігімізді шыңдап, барынша Ұлттық құраманы дайындаймыз, жеңіс
тұғырынан көрінуге жағдай жасаймыз.

