Еліміз зергерлік бұйымдар экспортынан $8 млн табыс тапты
Былтыр Қазақстан экспортқа 200 келі зергерлік бұйым шығарып, 8 млн доллар пайда тапқан. Ал сырттан 2 тонна өнім кіріп, 89 млн долларға саудаланыпты. Есептеп көрсек сатқанымыздан, алғанымыз көп. Мамандар бұл сала біздің елде кенже қалып отыр дейді. Тиісті заң болғанымен нақты басқаратын тетіктер жоқ.

