V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары бекітілді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді. Бейінді министрліктің мәлімдеуінше, бұл жолы асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, құсбегілік сияқты спорттың 20 түрінен кіл мықтылар анықталады.

Сондай-ақ 10 көрнекі спорт сайысынан жарыстар өткізу жоспарланған. Еске  салайық Астанада қыркүйектің 8 мен 14 аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырылады. Төрткүл дүниені біріктіретін сынға әлемнің 100 астам елінен 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Елордадағы тартысты шараны қызықтауға 100 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде.