Төрт түліктің тіні медицинада қолданылады

Төрт түліктің тіні медицинада қолданылады

Сүт безі обырына шалдыққандар қатары жасарып келеді. Әрине, бұл қорқатын ахуал. Дегенмен, қауіпті дерттен айығып кетуге толық мүмкіндік бар. Қазақ хирургтері ем жүргізуде жаңа тәсілді қолданып жатыр. Сондай ерекше отаның бірі - Астанадағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта жасалды. Оперция барымен әріптесім Ақдариға Мұхаддас танысып қайтты. Материалға кезек берейік.  

Ақдариға Мұхаддас, Тілші: 

- Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «сүт безі обыры» қазіргі таңда әлем бойынша ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі. 2021 жылдан бастап ол өкпе обырын басып озып, онкологиялық аурулар арасында бірінші орынға шыққан. Ал онымен күрестің ақырында әйелдің омырауын толық алып тастауға тура келеді. Бұл өз кезегінде көптеген мәселелер тудыратын. Алайда бүгінде ғалымдар дерттің дауасын тауып қана қоймай, қайта қалпына келтіру жұмыстарын бір ота кезінде атқарып, әдісін жетілдіріп келеді. 

Бауржан Әнапия, Тері мен жұмсақ тіндер ісіктері мен реконструктивті хирургия секторының аға ординаторы: 

- Біздің ноу-хау, сол сүт безін алғаннан кейін оның орнына әртүрлі операциялық асқынулардан сақталу үшін, сол сүт безі имплантын ацеллюларлы ксеногенді матрицаға орау. Осы ксеногенді матрица біздің орталықтың разработкасы болып саналады. Басты ерекшелігі - ірі қара малдың іш астарынан жасалады. Физикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол өзінің антигенттік структурасын жоғалтып, адам коллагенінің бірінші типіне сай келеді. 

Қазіргі таңда дәл осы әдіс Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта клиникалық зерттеуден өтіп жатыр. Нәтижесі сәтті болса, жалпы Қазақстан қолданысына енгізілуі мүмкін. Орталық жыл басынан бері сүт безі обырын 30 науқасты емдеген. Яғни, әйелдердің ісік шалынған кеудесін кесіп алып тастап, орнына силикон имплант салады. Ал ол имплант оперциядан кейін жағымсыз әсер бермес, сіңісіп кетуі үшін үстіне ірі қара малдың іш астарынан жасалған биоматреиалды салады. Бұл хирургиялық әдістің жаңалығы да - осы. Сондай отаны жасатқандардың бірі - қарағандылық Надежда. Екі баланың анасы бұл аурумен ұзақ жылдан бері күресіп келіпті. 

Надежда, Емделуші: 

- Маған омырауымды толық алып тастау керек деп, ота жасау қажеттігін айтты. Дәрігерлер карцинома диагнозын қойды. Үлкен стресске түстім. Үйге келіп, ұзақ ойландым. Сөйтіп емделудің жалғыз жолы сол болса, тәуекел деп отаға келістім. Интернеттен бұл диагноз туралы көп оқып, елімізден білікті дәрігерлерді іздедім, солай осы орталық туралы білдім. Қазір ота өткеніне 1 аптадан асты. Өзімді жақсы сезінем, тәуір болып қалдым. 

Қазақстанда сүт безі обырына орта есеппен жылына 5 мың адам шалдығанды. Қауіпті дерт тек әйелдер арасында ғана болмайды. Сондай-ақ, ер азаматтардың да ауыратыны бар. Бірақ сирек. Сүл безі обыры деген - генетикалық аудудың бір түрі. Әрине, шалдығудың себебі әртүрлі. Мәселен, артық салмақ, шамадан тыс шылым шегу, сондай-ақ, жасы ұлғайған әйелдер ағзасының өзгеруіде дертті қоздыруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жылына кемі мың 200 адам осы дерттен көз жұмады. Көбі ауру әбден асқынғанда дәрігерге келеді.