Салық кодексінің жаңа жобасы қабылданды

Салық кодексінің жаңа жобасы қабылданды

Елде ескі көліктерге салынатын салық мөлшері 50%-ға төмендейді. Жаңа норма келер жылы күшіне енеді. Бүгін мәжіліс салық кодексі туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Автокөлікті пайдалану мерзімі 20 жылдан асса, онда 50 пайыз жеңілдік қарастырылады. Егер автокөлік 10 жылдан бері қолданылса, 30 пайыз шегерім қарастырылған. Жаңа нормаға сай қосылған құн салығы бастапқы ұсынылған 20%-дан 16%-ға төмендетіледі. Ал осы бойынша міндетті тіркеу шегі 15 миллион теңгеден 40 миллион теңгеге дейін көтерілді. 5% төмендетілген салық мөлшерлемесі бір жыл бойы дәрі-дәрмек мен медициналық қызметтерге қолданылады. 2027 жылдан бастап бұл мөлшерлеме 10%-ға дейін өседі.