Сорбұлақта қаза тапқан үшінші әскеридің денесі табылды

Сорбұлақта қаза тапқан үшінші әскеридің денесі табылды

Сорбұлақта құлаған тікұшақта қаза тапқан үшінші экипаж мүшесінің денесі табылды. Марқұм капитан Аман Нұрланұлы апатқа ұшыраған тік ұшақты басқарып жүрген екен. Әуеде 295 сағат ұшқан тәжірибесі де бар. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен әскери операцияларға қатысқан. Қазір әскери прокуратура «Ұшу немесе дайындық ережелерін бұзу» және «билік өкілетін асыра пайдалану» баптары бойынша іс қозғаған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 25 шілдеде ЕС-145 әскери тікұшағы Сорбұлақ су қоймасы маңында радардан жоғалып кеткен болатын. Бортында 3 әскери болған. 9-тамызда 14 метр тереңдіктен экипаж командирі Нұржігіт Үйсінбаевтың, ал 10-тамызда су түбінен борт технигі Бақтияр Ержігітов мәйіттері табылған. Опат болған ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғаныс күштері әскери институтының түлегі. Қазір тікұшақ қалған бөліктері іздестірілуде.