Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін
Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты. Қазір осыған байланысты талқылау жүріп жатыр дейді ол. Әуежайдың нақты қай аумақта салынатыны әзірге бекітілмеген. Дегенмен бірнеше бағыт қарастырылып отыр. Соңғы шешім техникалық-экономикалық негіздеме дайындалғаннан кейін шығарылатынын әкім орынбасары да атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда елордадағы халықаралық әуежай тәулігіне 120-дан аса рейсті қабылдауға қауқарлы. Жылына 11–12 млн жолаушыға қызмет көрсетеді. Әуежайда халықаралық және ішкі бағыттарды қамтитын екі терминал жұмыс істейді. Негізгі рейстердің қатарында Қазақстанның барлық обылыс орталықтары мен 2 мегаполис және Ыстамбұл, Дубай, Мәскеу бар.

