Үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды

Үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды

Жетісуда тағы да пәтер кілті табысталды. «Құлагер» шағын ауданында салынған 5 қабатты тұрғын үй таяуда ғана пайдалануға берілген. Енді, міне, әлеуметтік аз қамтылған санаттағы отбасылар үйлі болып, қоныс тойын тойламақ. Облыста соңғы 4 жылда 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін 3 мың пәтер берілуі тиіс.