Картоп экспортына шектеу енгізілді
Қазақстан картоп экспортына уақытша
шектеу қойды. Себебі ішкі нарықта сұраныс артқан. Ал экспорт 1,5 есе өскен. Бұл шара картоп
бағасын тұрақтандыру үшін енгізіліп отыр. Алайда аталған шектеу ЕАЭО елдеріне
қолданылмайды, бірақ экспортқа бақылау жүргізіледі. Сауда министрлігі көкөніс
бағасын қатаң бақылауда ұстайтынын және талапты сақтамаған кәсіпкерлер қатаң
жазаланатынын ескертті.

