Дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жаза күшейеді
Енді медицина
қызметкерлеріне жұдырық ала жүгіргендерге жаза күшейеді. Ұлттық заңнамаға
өзеріс енгізу туралы депутаттардың, денсаулық сақтау саласы өкілдері мен
белесенді азаматтардың ұсынысын Мемлекет басшысы да қолдап отыр. Президент
Үкіметке тиісті түзетулерді тездетіп әзірлеуді тапсырды. Айта кетейік, кейінгі
5 жылда елде дәрігерлерге 173 рет шабуыл жасалған.

