Мекке мен Медине қалаларына кіруге шектеу қойылды
Сауд Арабиясы бүгіннен бастап Мекке мен Медине қалаларына кіруге қатаң шектеу енгізді. Енді қасиетті орындарға тек арнайы қажылық визасы бар жолаушылар ғана кіре алады. Елдің Ішкі істер министрлігі рұқсатсыз қажылық жасауға тырысқандарға айыппұл салынатынын хабарлады. Мәселен, визаның басқа түрімен Меккеге кірмек болғандар шамамен 5 жарым мың АҚШ долларын төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар рұқсатсыз қажылық жасауға көмектескен немесе ондай адамдарға виза рәсімдегендерге 26 мың доллар айыппұл қарастырылған. Бұл тыйым 10 маусымға дейін, яғни қажылық аяқталғанға дейін жалғасады.

