Қазақстанда жол құрылысында 30 инновациялық бастама қолданылды

Қазақстанда автомобиль жолының құрылысында былтыр 30 инновациялық әрі отандық бастамалар қолданылды. Олар асфальт қабатының жарамдылық мерзімін әлдеқайда ұзартып, оның беріктігін және сәйкесінше қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның үстіне, бұл бастамалар көлік жолдарының жобалау және құрылыс жұмыстарына кететін уақытты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2023 жылы республикалық маңызды жолдардағы тәжірибелік учаскелерде 80 астам бастама қолданылып, ғалымдар олардың ішіндегі ең тиімді әрі дәлелденгендерін іріктеп алды. Сонымен қатар Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының айтуынша, тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Зерттеушілер жаңа технологиялар мен материалдарды қолдануды бір сәтке де тоқтатпайды. Естеріңізге сала кетсек, еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру – стратегиялық мақсат. Қазақстанда жаңа 4 мың шақырым автомобиль жолдарын салу жоспарлануда.

 

Мейрамгүл Қабдығалиева, Қазақстан жол-құрылысы ғылыми-зерттеу институтының департамент директоры

– Соңғы жылдары жол құрылысында тек шетелдік материалдар қолданылып келді. Оның ішінде битумға арналған модификатор, топыраққа арналған тұрақтандырғыш секілді. Біздің институттың ғалымдары зертхана жағдайында жаңа материалдарды тексеріп көрді. Қазір, олар өзге де тексерістерден өтуде. Тіпті, кейбір учаскелерде қолданылып жатыр. Осылайша, елімізде жаңа отандық өнімдер пайда болды деп айтуға негіз бар.