Жемқорлардың шетелге шығуын шектеу керек

Жемқорлардың шетелге шығуын шектеу керек

Жазасын өтеп шыққан жемқорларды шетелге шығармау керек. Мәжіліс депутаты осындай ұсыныс айтты. Азат Перуашевтың  айтуынша, қылмыс жасап сотталғандардың көбі кейін шартты түрде босап немесе жазасы айыппұлға ауыстырылып жатады. Соның кейбірі сыртқа бірден сытылып шығып, елден ұрлап, оффшорларға тыққан ақшасына  шалқып өмір сүреді. Егер оларға шетелге шығуға тыйым салынса, халықтан ұрлап, жасырғанын қайтаруға мәжбүр болар еді, - дейді ол.