Астанада Олимпиадаға дайындық штабы жұмысын бастады

Астанада Олимпиадаға дайындық штабы жұмысын бастады

Қазақстан астанасында Олимпиада ойындарына дайындық штабы ашылды. Ол отандық спортшыларды әлем біріншіліктері мен төртжылдықтың басты бәсекелеріне дайындау үшін құрылған. Жауапты орган ірі спорттық шаралар аяқталғанға дейін жұмыс істейді. Отандық спортшылар үшін маңызды шаралар легі IV жасөспірімдер арасында қысқы Олимпиада ойындары болмақ. Ол 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал жазда төрт жылдықтың басты спорттық додасы – Париждегі 33-і жазғы олимпиада мен 18-і паралимпиада ойындары өтеді. Айта кетсек Қазақстан құрамасы әзірге 8 спорт түрінен 17 лицензия алған.

Ермек Маржықпаев, ҚР Спорт және туризм министрлігі:
-  Осыған дейін бұндай шара қолданып көрмеппіз. Штаб әркез жұмыс істеп тұрмақ. Көтеген мәселені қолға алу керек. Медициналық көмек, фармакология секілді мәселелерді шетелдегі елшіліктерімізбен ақылдасудамыз. Бұл тек Париждегі Олимпиада ойындары ғана емес. Екі аптадан кейін, құрамамыз Кореяға, Канвонға аттанады. Қолымызда 30 лицензия бар. 42 спортшы 10 спорт түрі бойынша сайысқа түседі. Бұйырса қанжығамыз майланады деген үміттеміз.