Алматыда жойқын жер сілкіністері күтілмейді

Алматыда жойқын жер сілкіністері күтілмейді

Жер сілкіністері ошақтары орналасқан көрші мемлекеттермен нақты өзара іс-қимыл жасау керек. Премьер-Министр Алматыдағы зілзаланың салдарын жою және табиғи апаттардың алдын алуға қатысты бірқатар тапсырма берді. Жақын арада жедел ден қою үшін жауапты органдар мен азаматтық қорғау күштері басқару бекеттерінде кезекшілік енгізеді. Бұл тіршілікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты. «Сақтықта қорлық жоқ». Халық төтенше-жағдайда іс-қимыл алгоритмін білуі үшін барлық сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығулар жиі өткізілуі тиіс, - деді Әлихан Смайылов.

Сырым Шәріпханов, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

- Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматы аумағында күшті және жойқын жер сілкіністері күтілмейтінін айтты. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі өңірлер тұрғындарынан қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Қазақстанда кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттарға көшеді

Үкімет отырысында қоршаған ортаны қорғау мәселесі де қаралды. Осылайша

Қазақстанда кәсіпорындар 2025 жылдан кешенді экологиялық рұқсаттарға көше бастайды. Жаңа жүйе эмиссиялық нормативтерді айқындаумен қатар ең үздік қолжетімді технологияларды ендіруді көздейді. Қазір бұл бағытта елде кешенді технологиялық аудит аяқталып, 16 анықтамалық бекітілді. Бұл ретте айта кетерлік жайт, ең үздік қолжетімді технологияларды кәдеге жарата білген кәсіпорын 10 жылға эмиссиялық төлемдерден босатылмақ. Бұны есте сақтамағай қоршаған ортаны ластаған өндіріс ошақтарына бұл төлемнің мөлшері әр үш жыл сайын біртіндеп көтеріліп тұрады. Сарапшылар есебінше, елдегі 50 ірі кәсіпорынның кешенді экологиялық рұқсаттамаға көшуі шығарындыларды жылына 900 мың тоннадан астам көлемге қысқартады. Сондай-ақ бүгінгі таңда табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылау жүйесін ендіру ісі қолға алынған. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Автоматтандырылған мониторинг жүйелерінен кәсіпорындардың барлық деректері қоршаған орта мен табиғи ресурстар жәй-күйі туралы ұлттық деректер банкі ақпараттық жүйесінде жинақталатын болады. Бұл жүйені 2024 жылдың соңына дейін орнатуға міндетті барлығы 91 кәсіпорын анықталды. Бүгінгі таңда 39 кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатты. Оның 9 деректерді беруде Заңнама талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады