Орта Азия мен Кавказ халықтарының зергерлік бұйымдары көрмеге қойылды

Орта Азия мен Кавказ халықтарының зергерлік бұйымдары көрмеге қойылды. Астанадағы бірегей «Зергерлік өнер» деп аталған бұл шарада орта ғасырлық өркениетке тиесілі бұйымдар көрініс тапты. Оған XIX және XX ғасырда осы аймақтарды мекендеген халықтардың ұлттық кодын, ешкімге ұқсамайтын бірегей мәдениеті мен тұрмысынан сыр шертетін шеберлердің 300 ге жуық жұмысы қойылды. Барлық экспонаттар жеке коллекциялардан алынған. Көрмеге қойылар алдында олар реставрациядан өткен дейді Ұлттық музей қызметкерлері. Олардың айтуынша, бұл бұйымдар қаншалықты бір-біріне ұқсамайтын ерекше болса да, барлығында урет стилі мен жасау стилінде бірізділік байқалады. Оның үстіне, халықтардың салт-дәстүрлер мен жоралғыларына деген құрмет те осы бұйымдарда көрініс тапқан. Ол жайт алтын, күмәс және өзге да асыл тастардан жасалған әйелдерге арналған білезік, сырға, сақина, түрлі бас киімдер және қанжарды көргенде бірден көздің жауын алады. Көрмеге қонақтар 7 сәуірге дейін келе алады.

Тоғжан Әділбекова, ҚР Ұлттық Музейінің қор есебі бөлімінің басшысы:

-Бұл көрменің мақсаты Қазақстан, Орта Азия, Кавказ халықтарының және олардың мәдениеттерінің өзара байланыстарын көрсету. Сонымен қатар, бұйымдардың жасалу техникасының, оны әрлеу стилінің ұқсастығын да көрсетуге тырыстық. Әлбетте, барлығында бір ерекшелік болады. Мәселен, Батыс Қазақстан өңірінде жасалған зергерлік бұйымдар өте үлкен, көлемі әрі ауыр болып келеді. Түрікменстанда әртүрлі әйнектері көп әрі маталары көбінесе жасыл түске боялады. Ал Кавказ стилінде сызбалар мен эмальдің көптігі бірден көзге түседі.