Отбасылық спорт күні

Отбасылық спорт күні

Наурызнама күнтізбесіндегі Шаңырақ күніне орай Қостанайда шаңғы мен жүгіруден отбасылық жарыс өтті. Шараға жүздеген қала тұрғыны қатысты. Олардың арасында кәсіби спортшылар да бар. Ұйымдастырушылар кез-келген спорттық шара отбасының бірлігін бекемдей түседі деп отыр.