Насыбай сатқандарға 20 АЕК айыппұл салынады

Сарайшықтағы Ұлттық құрылтайдан соң насыбай тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Жергілікті әкімдіктер зиянды затпен күресуді Атыраудағы алқалы жиыннан соң бірден қолға алды. Күні кеше «Лидер» еріктілер жасағы мен полицейлер бірлесіп Нұра ауданындағы азық-түлік дүкендеріне рейд жүргізді. Мақсат — насыбайдың таралуына тосқауыл қойып, заң бұзғандарды анықтау.