Қазақстан саяхатқа арналған топ-25 елдің қатарында
Қазақстан саяхаттауға тиіс ТОП-25 елдің қатарында. Әйгілі Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхатқа арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды. Сарапшылар саяхатшылар мен туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарын мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. Еліміз шетелдік бағалаушыларды бай тарихымен, алуан түрлі табиғаты және бірегей мәдени мұрасымен баурап алған.
Даниел Сержанұлы, KAZAKH TOURISM ҰК басқарма төрағасының орынбасары:
– Lonely Planet атты әйгілі халықаралық саяхат журналы Қазақстанды 2025 жылы саяхатқа тұрарлық ең үздік елдердің қатарына қосып отыр. Жалпы бұл тізімге жыл сайын топ-10 мемлекет, топ-10 қала сияқты категориялар кіреді. Бұл тізім Best in Travel деп аталды. Жалпы 15-рет шығып отыр бұл тізім.

