АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері халықпен кездесті
«АЭС салынса Балқаш көлі кеуіп қалады деген пікір шындыққа жанаспайды. Станса қанша жыл жұмыс істесе де оған қажетті су көлемі бір рет алынады, қалғанын айналымды өзі жүйе реттейді». Бүгін құрамында Мәжіліс депутаттары, атом энергетикасы саласының мамандары бар халықтық штаб өкілдері Батыс Қазақстан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты. Штаб мүшелері Оралдағы Қазақстан инженерлік телекоммуникациялық жүйелер университетінде өңірдің ерікті жастарымен жүздесті.
Кездесуге 100-ден аса ерікті жастар келді. Ел талқысына түсіп жатқан АЭС салу туралы референдумнан бәрі де хабардар. Халықтық штаб өкілдері бұл үдеріс мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екенін айтты. Жаһандану дәуірінде бейбіт атомды қолдану арқылы энергия тапшылығын реттеу тетіктеріне де тоқталды.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біздің энергетикаға деген сұранысымыздың өсу қарқыны біздің мүмкіндігімізден әлдеқайда жоғары. Сондықтан таяу жылдарда біздің энергетикаға деген сұранысымызға байланысты елде үлкен энергияжетіспестік болғалы тұр. Сондықтан осы жағдайды есептеп, біздің еліміздің даму қарқынын, энергияға деген сұранысты, біздің мүмкіндікті барлығын ескеріп, осындай шешімге келіп, осы мәселе қаралып отыр
Халықтық штаб мүшелері ерікті жастардың АЭС-ке қатысты сұрақтарына нақты жауаптар берді. Сала маманы станса салынса Балқаш көлі кеуіп қалады деген пікір жаңсақ екенін жеткізді.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
– Балқаштың өзінің көлемі 180 млрд текше метр су. Соның 18,9 яғни 19 млрд деп есептей берейік, ол жыл сайын буланып, қайтадан Балқашқа түсетін су. Ол табиғаттың дүниесі, адамзат араласа алмайды. Буды суға айналдыру үшін, суыту үшін қажетті градирня аталған 19 млрд текшенің 0,33 пайызын ғана, яғни 300-ден бір бөлігін ғана пайдаланатын болады. Сондықтан Балқашты ертең кептіріп жібереді деген ақпарат жалған.
Сондай-ақ, ядролық радиацияның қаупі туралы да алаңдауға негіз жоқ. АЭС отынын бірнеше рет қолдана беруге болады. Ал, пайдалынылған отынды өзге елдер де алуға дайын, дейді сала маманы.
Келесі жылы 1 шілдеден бастап, кассациялық соттар өз жұмысын бастайды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, оның құрамын жасақтайды. Бұл туралы Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді. Кездесуде сот корпусын нығайтуға әрі жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды. Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру керегін айтты.

