Мемлекет басшысы UEFA Президентін қабылдады
Бүгін мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары бағасын берген. Қазақстанда шамамен бір миллионнан астам адам футболмен айналысады екен. Қазір бұл спорт түрі бұқаралық сипатқа ие, тіпті футбол экожүйесін де қалыптасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев футбол нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін айналуы керек екенін де айтып отыр. Ол үшін клуб менеджментін арттырып, жас ойыншыларға қолдау жасалуы тиіс. UEFA өз кезегінде Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Кездесуде Президент «Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін» Александер Чеферинді екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

