Ботаникалық бақ ашылды

Ботаникалық бақ ашылды

Қызылорданың да енді ботаникалық бағы бар. Заманауи орталықта тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің сан түрі өсірілуде. Оларды күтіп-баптау, суару және климаттық жүйесін бақылау толықтай автоматтандырылған. Ботаникалық бақ Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ашылып отыр. Демек, енді мұнда биологияға қызығатын оқушылар келіп, практикадан өте алады. Жалпы бақ аумағында 3,5 мыңға жуық өсімдік отырғызылған.