Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Жыл соңына дейін Америка құрама штаттарына тікелей әуе рейстері ашылады. Ол үшін SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақшы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing трансұлттық корпорациясының басшылығымен  кездесуде айтылды. Ол отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамыту үшін  ортақ жобаларға жұмылуға әзір. Джефф Шокки компанияның цифрландыру саласындағы жоспарын айтып,  Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін жоғары бағалады. Оның айтуынша, әуемен жүк тасымалдау мүмкіндігі мол көрінеді.  Сонымен қатар кездесу барысында авиация саласына маман даярлау және еліміздегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту жайы сөз болды. 

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Boeing компаниясымен кездесу өтті. Өткен жылы эйр-Астана Boeingпен келісімшартқа қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша Boeing Қазақстанға Dreamliner әуе кемесін жеткізу міндетін алды. Биыл олардың алғашқы партиясы Қазақстанға келеді.