Бейнебақылау камераларының саны артты

Бейнебақылау камераларының саны артты

Qarmet шахталарына орнатылған заманауи қондырғылар еңбек қауіпсіздігін арттырды. Онда түгелдей бейнебақылау жүйелері енгізілген. Өндірістік жетістіктер де көп. Айталық Костенко кен орны биыл миллион тонна көмір өндірілді. Бұл жылдық жоспардан көп. 

Qarmet өнеркәсіптегі қауіпсіздік деңгейін арттырды. Апатқа алып келетін тәуекелдерді айтарлықтай азайтты. Жерасты өндірісінің негізгі нүктелеріне бейнебақылау камералары орнатылған. Жаңа қондырғылар жұмыс барысын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

Роман Жилкин, Qarmet АҚ «Қазақстан» шахтасы техникалық қауіпсіздік механигі:

- Бізде жеті кен жар бар. Оның әрқай әрқайсысында екі камерадан қойылған. Қосымша тағы бір бейнебақылау камерасы шамадан тыс жүктер мен адамдардың көп жүретін аумақтарына орнатылды. Бұл бірінші кезекте кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

Кен орындарында мониторинг пен қауіпсіздіктің инновациялық жүйелері де жолға қойылды. Соның нәтижесінде шахталардағы жұмыстың тиімділігі артты. Кәсіпорындар көмір өндіру көлемін жоспардан артық орындады.

Роман Жилкин, Qarmet АҚ «Қазақстан» шахтасы техникалық қауіпсіздік механигі:

- Бүгінде диспетчерлер жұмыс процесін тікелей бақылай алады. Қазақстан шахтасынд жалпы 28 бейнебақылау камерасы бар. Кез келген сәттегі жұмыс барысын қарап отырып, жағдайды тез арада анықтай аламыз. Сондықтан бейнебақылау камерлары адамдар мен жұмыс қауіпсіздігі үшін аса маңызды рөл атқарады.

Осы жылы Костенко шахтасында миллион тонна көмір өндірілді. Шахтада бес бригада ертелі -кеш тынбай жұмыс істейді. Олардың төртеуі өндіріс, біреуі жөндеу және қалпына келтіру саласының кәсіби мамандары.

Ильдар Ибышов, Qarmet АҚ «Костенко» атындағы шахта директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

- Бұл көрсеткіш бүкіл шахтаның ерен еңбегі. Осы 47-К1 «Батыс» лавасын орнатудағы монтаж жұмысынан бастап, бізде барлық бригадалар міндетті мінсіз атқарады. Еңбеккерлердің ұйымшылдығы үйлесімді жұмысынан нақты көрінді. Әрбір ауысым сайын жұмысшылар бір бірімен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырады. Бес бригадағы мамандардың жалпы саны 97 адам.

«Qarmet» компаниясы - тау-кен бағытындағы жоспарын орындаумен шектелмейді. Шахталарда қауіпсіздікті мониторингтеу мен бақылау жүйелері де іске қосылды. Жұмысшыларды позициялау, бейнебақылау, конвейерлерде өрт сөндіру мен температураны талдау датчиктері жұмыс істейді. Кешенді шаралар кеншілердің жер астындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрі ықтимал тәуекелдерге шұғыл әрекет етуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Авторы: Жанбота Рахметуллаұлы