Токио мен Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады

Токио мен Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан енді Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейсімен шығуға мүмкіндік туады. Көптен бері айтылып келген бұл жаңалық енді шындыққа айналатын сияқты. Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов Көлік министріне жеке тапсырма беріп, бұл шаруаны жыл соңына дейін тындыруды тапсырды. Бүгінде елордадан 34 халықаралық бағыт бойынша рейс шығып тұр. Ал 2027 жылы қатарға тағы 5 бағыт қосылмақ. Яғни, Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена және Сингапур сияқты қалаларға транзитсіз баруға болады. Осылардың ішінде Нью-Йоркке «Эйр Астана» компаниясының бағыт ашу мәселесі біраз жылдан бері талқыланып келеді. Ол үшін тіпті жаңа Boeing ұшақтарын сатып алуға келісім жасалған. Қазір АҚШ-тың CAT1 рұқсатын алуға өтініш берілген.