Ұлттық ұлан сарбаздары 220-дан астам суық қару тәркіледі
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға еліміздің барлық құрылымдары атсалысып жатыр. Мәселен, жыл басынан бері Ұлттық ұлан сарбаздары 220-дан астам суық қару тәркілеген. Оған қоса түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізудің 35 фактісіне тосқауыл қойыпты. Әрі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне рұқсат етілмеген зат алып кірмек болған 26 азаматты ұстаған. Ұлттық ұланның кеңейтілген кеңесінде «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасатыны айтылды. Жиында қоғамдық тәртіпті бақылау тетіктері талқыланды.

