ҰҚШҰ елдері есірткі айналымымен күресті күшейтеді

ҰҚШҰ елдері есірткі айналымымен күресті күшейтеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында синтетикалық есірткілерге қарсы іс-қимылды күшейту керек. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұйымның Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында осылай деді. Жиын Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өтті. Ерлан Қошанов кейінгі жылдары есірткі айналымы белең алып, интернет алаяқтардың көбейгенін атап өтті. Осыған орай, мұндай жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы заңнамалық тосқауыл қою үшін күш біріктіруге шақырды. Мәжіліс төрағасы миллиондаған адам осы қылмыстың құрбанына айналатынын, ал ұйымдастырушылары көбіне шетелден әрекет ететініне назар аударды.