АҚШ Үндістан мен Қытай тауарларына кеден салығын көтермекші

АҚШ Үндістан мен Қытай тауарларына кеден салығын көтермекші

АҚШ «Үлкен жетілікке» кіретін елдерге қысым көрсетіп, Ресей мұнайын сатып алып отырған Үндістан мен Қытайға қарсы кеден салығын арттыруды ұсынбақ. Financial Times басылымының жазуынша, 12 қыркүйек күні G7 қаржы министрлерінің онлайн-конференциясы өтеді. Кездесу барысында АҚШ осы бастаманы ресми түрде көтеріп, одақтастарын қолдауға шақырмақ. Бұған дейін ақпарат құралы АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуроодақты Қытай мен Үндістанға 100 пайыздық баж салығын енгізуге үндегенін хабарлаған еді. Ал жақында АҚШ-тың Үндістанға баж салығын 50%-ға дейін көтеретін заңы күшіне енген болатын.