Кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты 3275 шағым түскен

Кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты 3275 шағым түскен

Биыл кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты 3 200-ден астам шағым түскен. Оның жартысынан астамы бойынша оң шешім қабылданды. Нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы Президент қабылдауында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров айтты. Жалпы арыз-шағым саны 12 пайызға азайған. Бұл әкімшілік әділет институтының тиімділігін көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын одан әрі күшейту маңызды екеніне назар аударды. Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.