Астана қаласында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

Астана қаласында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

Астана қаласы Білім басқармасы жанынан психологиялық қолдау орталығы ашылды. Ондағы мамандар оқушылар, ата-ана және педагогтармен жеке кеңес өткізеді. Сондай-ақ 5 ауданда 5 психологиялық қолдау кабинеті де жұмыс істеп тұр. 

Бұл қорқуды, қобалжуды басатын жаттығу. Психолог әңгімелесу арқылы оқушының көңіл-күйіне дөп түсті. Енді сыр суыртпақтап, мазасын қашырған жағдайды анықтайды. Маусым айынан бері қаладағы 5 ауданда 5 мектеп ішілік психолог кабинеті ашылды. 

Марал Ибрагим, психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары:

– Ол кабинеттің бір ерекшелігі – біздің психологтарға сол ауданда жақын тұратын адамдар, балалар келе алады. Ол мектепте оқымаса да. Шектеу жоқ, біз кез келген сұрақпен, кез келген мәселемен келген балаға көмектесеміз. Және жеке дағдарыспен де. 

Бала ғана емес ата-ана және педагог психологпен де жұмыс жүргізіледі. Кез келген жайтқа жедел әрекет ету тобы құрылған. Уақытпен санаспайды. Кеңесу мен кездесу тегін. 

Элеонора Көшеналиева, психологиялық қолдау орталығының бөлім басшысы:

– 313 жеке кеңес бердік. Оның ішінде ата-ана және балалар 845 мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтарын өткіздік. Ол 5,6,7 сынып аралығындағы балаларға арналған бағдарлама. Сондай-ақ ата-аналарға мектепке бейімділікке қатысты семинар тренингтер өткіздік. Олардың саны 334.

Қазір баланың ата-анамен қарым-қатынасы немесе олар ажырасқанда аңтарылып қалу мәселесі өзекті. Әлімжеттік те әлі бар, - дейді психологтар. Енді Президент атаған қоғамға қауіпті 5 кесел бойынша әдістеме әзірлеп, мамандар даярланады. Арнайы орталық қызметкерлері талдау, зерттеу жұмыстарын мектептегі педагог психологтарға табыстап отырады.