Президент инфляцияны тежеуді тапсырды

Президент инфляцияны тежеуді тапсырды

Президент Ұлттық банк төрағасына инфляцияны тежеп, қаржы секторын тұрақтандыруды тапсырды. Сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуді жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Тимур Сүлейменов былтыр атқарылған жұмыс жөнінде де есеп берді. Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 4 жарым млрд доллар шамасында болды. Ал, ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 46 млрд долларға жуықтаған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақыдан түскен инвестициялық кіріс 3 трлн 400 млрд теңгеге жеткен. Үш бағытта да өсім бар. Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту жайлы баяндады.