Тазалық пен заң тоғысқанда
«Тәртіп – тазалықтан басталады» – Таразда осындай атаумен экоакция өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған. Шараға еріктілер, жастар және қоғам белсенділері тартылған. Акцияның басты мақсаты – жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және туған өлкенің табиғатын қорғауға баулу.

