Жүргізуші куәлігін алу тәсілі өзгереді

Жүргізуші куәлігін алу тәсілі өзгереді

Жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер емтиханды көлікте емес, компьютерде тапсыруы мүмкін. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүйеге өзгеріс енгізбек. Бұл саладағы жең ұшынан жалғасқан әрекеттердің алдын алуға сеп болмақ. Қазірдің өзінде үміткерлер емтихан бөлмелеріне қатаң тексеріспен кіреді. Онда микроқұлаққаптарды анықтау құрылғылары орнатылған. Бұдан басқа, еуропа елдерінің тәжірибесіне қарай теориялық сынақ тапсыру тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу рәсімі қайта қаралады.