Қазақстанда жылқы басы өсті

Қазақстанда жылқы басы өсті

Қазақстанда жылқы басы көбейіп келеді. Energyprom.kz порталының мәліметіне сүйенсек, соңғы жыл ішінде мал басы 5% өскен. 

Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде биыл 1 қаңтарда жылқының 4 млн басы ресми тіркелген. Қамбар ата төлінің  ең көп шоғыры Түркістан облысында. 

Сонымен қатар, бұл үй жануарын бағатын үздік бестікке Қарағанды, Абай, Ақтөбе мен Батыс-Қазақстан өңірлері кірген. 

Айта кетсек, бір жылда туған құлын саны 5,4% көбейіп, 1,1 млн бас болды. Жалпы бұл төрт түлік түрінің өлім-жітімі 11,4%, яғни 4,4 мыңға дейін азайды.