Қазақстанның Даму Банкі көмірсутекті терең өңдеуге бағытталған жобаларды қолдайды

Қазақстанның Даму Банкі көмірсутекті терең өңдеуге бағытталған жобаларды қолдайды

Банктің негізгі жобаларының қатарында Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары бар. Бұл өзгерістер мұнай өңдеу тереңдігін арттырып, бензол мен параксилол секілді маңызды химиялық өнімдердің өндірісін жолға қоюға, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан таза отын түрлеріне көшуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Шымкентте метил-терт-бутил эфирін шығаратын зауыттың іске қосылуы ішкі нарықтың октан көтергіш қоспаларға деген сұранысын толық қанағаттандырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.