Үндістанда 242 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады
Үндістанның Ахмадабад қаласынан Лондонға бет
алған Air India компаниясының Boeing 787 ұшағы әуеге көтерілген сәттен көп
ұзамай апатқа ұшырады. Әуе кемесі әуежай маңындағы Meghani Nagar ауданында
медицина қызметкерлеріне арналған жатақхананың үстіне құлаған. Ал бортта
барлығы 242 адам болған: оның 230-ы жолаушы, 12-сі экипаж мүшесі. Алдын ала
мәлімет бойынша, ұшақта 169 үндістандық, 53 британдық, 7 португалдық және бір
канадалық азамат болған. Қайғылы оқиғадан аман қалғандар жоқ. Бұл туралы елдің
құқық қорғау органдары хабарлады. Осы орайда, Қазақстанның Нью-Делидегі
Елшілігі отандастарымыз бұл рейсте болмағанын ресми растады. Қазір апат себебі
анықталып жатыр, тергеу мен құтқару жұмыстары қызу жүріп жатыр.

