Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты

Германия, АҚШ пен Франция медициналық бұйымдардың өндірісіне қажетті қазақстандық изотоптарға қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, жақында экспортқа бағдарланған онкологияға қарсы тұңғыш отандық препарат нарыққа шықпақ. Өзімізде табиғи байытылып, тазартылған селенге де сұраныс артып келеді. Бұл – Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру шараларының жемісі. Төл өнертабысын кең өндіріс жолына қою үшін тек 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру байқауына 200-ге тарта өтініш түскен. Әр жобаға 350 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау қарастырылған. Бұндай тетік жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2029-шы жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген. Оның аясында ел аумағында 7 мамандандырылған инжиниринг орталығы мен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру үлесі 50% дейін ұлғаяды деп күтілуде.   

Саясат Нұрбек,  Ғылым және жоғары білім министрі:

- 23-25 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі үш жарым есеге өсіп, 643 млрд теңгені құрады қазіргі таңда. Осыған қатысты біз коммерцияландыру көлемін ұлғайттық. 2022 жылдан бастап комерцияландыру грантарының саны өсті. Жыл сайын конкурстар жариялана бастады. Бұған дейін үш жылда бір өтетін. Қазіргі таңда 1981 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 161 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда.