Цифрлық салықтан 69 миллиард теңге түсті

Цифрлық салықтан 69 миллиард теңге түсті

Соңғы үш жылда шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне 69 млрд теңгеден астам «цифрлық салық» аударған. 2022 жылдан бастап оларға ел аумағында электрондық сауда мен қызмет көрсеткені үшін қосылған құн салығын төлеу міндеттелді. Ең ірі салық төлеушілер қатарында iHerb, Аpple, Google компаниялары бар. Елімізде 98 интернет-ресурс тіркелген. Солар арқылы қазақстандықтар былтыр 1 трлн 600 млн теңгеге онлайн сауда саттық жасаған.