Жылу желілері кешенді жөндеуден өтті
Алғашқы қар түсе
салысымен, қыс ызғары қылаң берді.
Мұндай да әр үйге үздіксіз жылу
берілуі маңызды. Биыл Степногорск қаласы қысқа ерте қамданды. Жылу желілері
кешенді жөндеуден өтті.
Бұл жылу электр
орталығы осыдан жарты ғасыр бұрын салынған.
Қақаған қыста қазандықтар қайта-қайта істен шығып, тұрғындар талай рет
бүрсең қақты. Бұл мәселені түбегейлі шешу мақсатында биыл Үкімет резервінен 2,7
млрд теңге бөлінді. Оған орталық қазандығы жөнделіп, жаңа жылу желілері
тартылды.
Самат Тасжанов,
Степногорск қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысының міндетін
атқарушы:
- Магистральді
жылу желілерінде диаметрі 500 мм-лік құбырлар толықтай жаңартылды. Бастапқы
жоспар бойынша 12,5 шақырым құбыр ауыстыру көзделген еді, бірақ жүйелі
атқарылған жұмыстың нәтижесінде 14,1 шақырым жылу желісі жаңартылды.
Қазір бұл
кәсіпорын 20 мыңнан астам отбасына үздіксіз жылу беріп отыр. Кәсіпорында 5
турбоагрегат, 6 бу қазандығы және 1 су қыздыру қазандығы жұмыс істейді.
Мамандар, жылу беру маусымы белгіленген кестеге сай, іркіліссіз өтіп жатқанын
айтады.
Евгений Лазько,
Жылу-электр орталығы директорының міндетін атқарушы:
- Биыл негізгі
және қосалқы жабдықтарға жоспарлы ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бірден 4 қазан агрегаты жөндеуден өтті. Тек №2 қазандықта жөндеу жұмыстары әлі
де жалғасуда. Оны келер жылдың қаңтар айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі уақытта 4 қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу беру маусымы
еш кідіріссіз өтіп жатыр. Бұрынғыдай апатты жағдайлар орын алған жоқ. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тәуекелдің
«қызыл» аймағынан шықтық.
Жылу-электр
орталығының жабдықтары бұған дейін 62 процентке тозған болса, қарқынды
жұмыстардың нәтижесінде қазір оның деңгейі 59 процентке төмендеген. Жаңғырту
жұмыстары келер жылы да жалғасады.
Авторы: Жанар Мұқышева

