Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтіледі

Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтіледі

Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтілсін. Бүгін жұмыс сапарымен Абай облысына келген Премьер-министр Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізіп, жауаптыларға осындай тапсырма берді. Мәселен, қазір әрбір өңірде авиациялық бөлімшелер мен тәулік бойы жұмыс істейтін патрульдер құрылған. Сондай-ақ, республика бойынша «Ауыл құтқарушылары» желісімен 167 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр екен. Ал жыл соңына дейін олардың саны 700-ге жетуі тиіс. Тағы 50 мыңнан астам қызметкер, 11 мың техника, 26 әуе кемесі, 218 дрон және арнайы автокөліктер әзірленіпті. Әдетте, өрт қауіпі күн қатты ысып, шөптер мен ағаштар құрғаған кезде тіркеліп жатады. Әрі адами фактордың да қатысы болады. Мәселен, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қолында «Қазгидрометтің»: «Сәуірде күн +35 градусқа дейін ысиды» деген болжамы бар екен.