Спортшыларымыз теннистен және жүзуден жарысқа шығады

Спортшыларымыз теннистен және жүзуден жарысқа шығады

Ертең Астана уақытымен сағат үште Ролан Гаррос стадионында қазақстандық теннисшілер жарысты бастайды. Жеребеге сай жерлесіміз Юлия Путинцева украиналық спортшы Марта Костюкпен бақ сынасады. Ерлер арасында Қазақстанның 1-ші ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Айта кетейік, Александр Бублик әлемдік рейтингте 25-ші орында. Сонымен қатар, Александр Шевченко Чех спортшысы Якуб Шеншикпен бақ сынасады. Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Қазақстанның 1-ші ракеткасы Елена Рыбакина белгілі бір себептермен Олимпиадаға қатыса алмайды. Сонымен қатар, 27-ші шілде күні Астана уақытымен 23:30-да жүзуден жарыс басталады. Бұл сында ел намысын Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова қорғайды. Париждегі доданы Жібек Жолы арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.