Жаңа салық кодексі күшіне енеді
Келер жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соған сай Қосылған құн
салығын төлейтіндер саны артады. Өйткені есепке алу межесі төмендеді. Қазір бұл
салықты жылдық айналымы 78 миллион теңгеден асып кеткен ірі компаниялар төлеп
келсе, енді 43 миллион теңге табыс тапқандар да осы санатқа қосылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті бұл талаптардың сақталуын бақылап, мониторинг
жүргізеді.

