Автолизинг шарттары белгілі болды
Қазақстандықтарға арналған автолизинг шарттары белгілі болды. Жаңа жобаны
сауда және интеграция министрлігі талқылауға шығарды. Ұсынылған ережеге сәйкес,
лизингке тек жаңа көліктер рәсімделеді. Кейін көлікті міндетті түрде сақтандыру
қажет. Егер төлемдер уақытында төленбесе немесе көлікке зақым келсе, лизинг
беруші шартты бұзып, көлікті қайтарып алуға құқылы. Себебі, төлем аяқталғанға
дейін меншік құқығы компанияда қалады. Мерзім аяқталған соң ғана автокөлік
лизинг алушының жеке меншігіне өтеді. Қажет болса, көлікті компанияға кері
қайтаруға да болады. Ескісін қайтарып, жаңасын лизинг арқылы қайта ала аласыз.

