Qarmet жаңа даму жоспарын жариялады
Елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 2026 форумына әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат қатысуда. Ал шара аясындағы көрмеге 70-тен астам компания келген. Олардың 40-қа жуығы — отандық өндіріс иелері. Форумға қатысушылар қатарындағы толық өндірістік циклді жүзеге асыратын ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі — Qarmet. Компания биылғы форумның бас серіктестерінің бірі.

