Қазақстанда бірқатар мұнай және энергия жобалары жүзеге асырылуда

Қазақстанда бірқатар мұнай және энергия жобалары жүзеге асырылуда

Қазақстан 2 жыл ішінде Транскаспий бағыты бойынша мұнай жеткізуді 3 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Бүгінде аталған маршрут бойынша қара алтынның алғашқы жеткізілімдері жүргізілді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнай саласында мұнай саласында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейтуге бағытталған ірі жобаларды іске асыру жалғасуда. Сонымен қатар Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде оның қуаттылығы жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Газ өндіру саласында жаңа кен орындары іске қосылуда. Сондай-ақ Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Биыл мұнай-газ химиясын дамыту үшін жалпы құны 1 млрд долларды құрайтын Бутадиен жобасының құрылысы басталады. Бұл ретте Атырау және Ақтөбе полиэтилен, полиэтилентерефталат және карбамид өндіру бойынша басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда. Олардың жалпы сомасы 13 млрд доллардан астамды құрайды. 2024 жылы 14 жоба шеңберінде 825 МВт жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Еліміздегі бірнеше ГРЭС-те жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кейбір аймақтарда, Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында икемді генерация режимі бар жылу электр стансалары салынуда. 4 инвестормен бірлесе отырып, жалпы қуаты 4 ГВт жаңартылған энергия көздері жобалары іске асырылуда.