Президент Ақордада Иордания Королін қарсы алды
|
Қазақстан Иорданияға құны 250 миллион
доллар болатын 60 өнім түрін экспорттауға дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға
ресми сапармен келген Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді Ақордада
қабылдап, біраз екі жақты келісімдер жасады. Мұның бәрі екі ел азаматтары мен
іскерлік ортасы байланыстыруы тиіс. Сондай-ақ, Иордания астанасы Амман
қаласынан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылатын болды.
|

