Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіреді

Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіреді

Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіреді. Оның 76 млн тоннасы экспортқа шығарылуы тиіс. Қалғаны ішкі нарықты толықтыру үшін үш мұнай өңдеу зауытына жіберіледі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында журналистер алдында шығып, Үкіметтің бірқатар жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі мен Каспий құбыр консорциумының мұнай инфрақұрылымына зақым келуін ескере отырып, осы жоспарды бекіткен. Сондай-ақ, министр бензин бағасына қатысты да пікір білдірді. Айтуынша, мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін жанармай бағасы нарыққа, яғни ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.